2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтырауда «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының кезекті отырысы болып өтті.
Оған жастармен кездесіп, ой бөлісу үшін арнайы 2018 жылдың «100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы, әлем чемпионатының жеңімпазы, атыраулық параспортшы Ержан Сәлімгереев арнайы шақырылды және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штаб төрағалары қатысты.
Отырыс барысында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Самал Мұхтарова 2018 жылы атқарылған жұмысын қорытындылай келіп, 2019 Жастар жылында атқарылатын жаңа жобалар мен жұмыс жоспарымен таныстырды.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің талдау-мониторинг бөлімінің басшысы Айымгүл Қосалиева Атырау облысы бойынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жандандыру мақсатында облыста жоғары, кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарында штабтар құрамы құрылғанын тілге тиек етті. Соның ішінде жастарды «JASTAR JYLY-DANGYL ZHOL» атты жобаның тұжырымдамасымен таныстырып, осы орайда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелерінен қоғам жастарын – оқу мен жұмыспен қамтылмаған жастардың тізімін құру мақсатында «Еріктілер» клубын ашу туралы ұсыныстардың қозғалғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, шара соңында жалынды жастарға ерік-жігер сыйлаған Атыраулық параспортшы Ержан Сәлімгереев жеке басының жетістіктерімен бөлісіп, қатысушыларға Жастар жылына арнайы шығарылған футболкаларды табыс етілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова