7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматы полициясы базардан алтын бұымдарды ұрлаған азаматты ұстады. Бұл туралы El.kz порталы Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдарының ірі ұрлығы жасалған.
– ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Қаскөйдің ұрлаған мүлікті жасырған жері анықталды. Ол ұрланған алтындарды қала шетіндегі шөл далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде сот қамауға алуды санкциялады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?