Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда ертең, 1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелектерді қолдану маусымы ресми түрде ашылады. Көлікте жазғы шиналар тұрғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ӘҚБтК-ге сәйкес, маусымға сай келмейтін шиналарды қолданғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жаза 20 АЕК-ке дейін артады.
Мамандардың айтуынша, күздің созылып, қардың түспеуі — өткел бермейтін себеп емес. Өйткені жазғы резина ауа температурасы минусқа түскенде қатайып, жолмен ілінісін жоғалтады.
Техникалық регламентке сәйкес, жазғы шиналардың протектор биіктігі кемінде 1,6 мм, ал қысқы шиналарда — 4 мм болуы тиіс. Қысқы дөңгелектер міндетті түрде үш шыңды тау белгісі мен ішіндегі қар ұшқыны бейнеленген таңбамен, сондай-ақ “M+S”, “M&S” немесе “M S” белгілерімен белгіленуі керек.
Егер барлық маусымға арналған шиналарда осы таңбалар болса, оларды қыста қолдануға рұқсат беріледі. Ал мұндай белгі жоқ резинамен жүру — тыйым салынған.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек