Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Қазгидромет» РМК 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер тұрақсыз ауа райының қалыптасуына түрткі болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары