Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Президенттік кадр резервінің талаптарына сәйкес жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.
Дархан Жазықбаев биылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің негізгі кезеңдері туралы атап өтті.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болуы үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс. Олар: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (Assessment center және құзыреттер бойынша сұхбат), сарапшылық комиссияда әңгімелесу, Ұлттық комиссия отырысы, - деді Дархан Жазықбаев.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының айтуынша, іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік