Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыФутболдан Қазақстан чемпионаты 2024 жылдың 1 наурызы мен 10 қарашасы аралығында өтеді. Бұл туралы ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көптеген ойындар дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған «Жеңіс» арасындағы көптен күткен елордалық дербиімен ашылады. Сонымен қатар, бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Шымкенттік клуб өз стадионында қарағандылық команданы жеңіп, тарихтағы алғаш чемпиондығына қол жеткізген еді.
Премьер-лига чемпионы атағы үшін биыл республиканың 13 өңірінен 14 клуб таласады: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер». Ойындарды «Qazsport», «Qsport» және жаңа «Qfootball» телеарналары тікелей эфирде ұсынатын болады.
Әзірше алғашқы алты турдағы ойындардың басталу уақыты белгілі, ал қалған турлардағы кездесулердің басталу уақыты туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда бірыңғай уақыт белгіленеді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды