30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөктемнің алғашқы күні – 1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.
Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бұл мереке қиын-қыстау замандарда мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртатынын айтқан.
2016 жылдан бері елімізде тойланатын бұл мерекені биыл қазақстандықтар тоғызыншы жыл қатарынан атап өтіп жатыр.
Бұған дейін әлем елдері Алғыс айту күнін қалай атап өтетінін тізбектегенбіз.
Айта кетерлігі, биыл Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиғамен – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Мерейлі датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды