Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда мобильді аударымдар бойынша мониторинг жасалатын шекті сома ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр LS порталына берген сұхбатында аударымдардың шекті көлемін 255 мың теңгеден 1,2 миллион теңгеге дейін ұлғайту мәселесі талқыланып жатқанын айтты.
Жаңа критерий бойынша үш айда ай сайын 100-ден астам төлем жасалып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын аударымдар бақылауға алынады. Бұл көрсеткіш қазір 12 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 1,02 миллион теңге (айына 333 мың теңге). Егер сома осы көрсеткішке жетсе, онда осы критерийлер бойынша банктер бізге осы аударымдарды жүргізген жеке тұлғалар бойынша мәліметтер береді. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, яғни шекті соманы шартты түрде төрт есе арттырамыз, - деді ол.
Біржановтың айтуынша, бұл шешім ұлттық банкпен бірлесіп қабылданған. Қазір тек техникалық жүзеге асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Банктерден жауап алынып, жақын арада осы жүйе іске қосылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары