Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады1 мамырдан бастап Астана әуежайы түнгі уақытта жұмыс істемейді. Оған ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың ресми желі парақшасындағы жазбаға сүйенсек, Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енеді.
2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады. Осыған байланысты Астанадан немесе Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде, - делінген хабарламада.
Осы ретте әуежайдағылар жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуе компаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуе компаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұрайды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары