7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Kaz dream холдингі «+1 Илон Маск» жобасын қолға алды, ол әр ауыл баласын гаджетпен қамтамасыз етуге, осылайша олардың білім алуларына жағдай жасауға бағытталған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz
«IT нарықтағы тың жобалармен танысу және саланы дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау мақсатында қазақстандық IT компанияларды аралауды бастадым. Бірінші кезекте, 16 IT компанияға жетекшілік ететін елордадағы Kaz dream холдингіне бардым.
Kaz dream бірнеше бағытта жұмыс істейді, соның ішінде B2B, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары үшін және басқа да бағытта IT өнімдер әзірлейді. Айтпақшы, олар біртіндеп халықаралық деңгейге шыға бастады – шетелдік компаниялардың өкілдері Kazdream өнімдеріне қызығушылық танытып отыр», - деп жазады министр.
Ведомство басшысы холдингтің әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөліп отырғанына назар аударады.
«Кездесу барысында олар маған жүзеге асырып жатқан «+1 Илон Маск» жобасы туралы да айтып берді. Бұл жоба әр ауыл баласын гаджетпен қамтамасыз етуге, осылайша олардың білім алуларына жағдай жасауға бағытталған. Олар жыл сайын компанияда есептен шығарылатын ноутбуктерді өз қаражаттарына жөндеп, мұқтаж балаларға үлестіреді екен. Бұл жобаға техниканы беру арқылы ғана емес, оны жөндеу бойынша ерікті ретінде де қатысуға болады. Менің ойымша, осындай жас әрі жауапты компаниялар Қазақстанның IT индустриясының болашағын қалыптастырады және мемлекеттік орган ретінде біз оларды қолдап, дамуы үшін жағдай жасауымыз керек», - деп жазды Бағдат Мусин.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?