23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
«Үздік педагог-2022» байқауына қатысуға еліміздің әр өңірінен 5 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім жолдады. Бүгінгі таңда ең белсенді қатысушылар Алматы мен Ақмола облысынан, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылып, ашық өтіп жатқанын айта кетейік. Барлық кезеңді цифрландырудың арқасында байқауға деген сенім артып, өтінімдер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Конкурсқа балабақша, мектеп пен колледждің штатында жұмыс істейтін педагогтер қатысып жатыр. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден иеленген болатын.
«Бүгінгі таңда https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында байқаудың бірінші және екінші кезеңіне қатысу үшін 5,5 мыңға жуық мұғалім тіркелді. Екінші, яғни облыстық кезеңге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ол 30 қыркүйекте аяқталады. Биыл байқауға қатысатын әр мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын бақылай алады, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады. Бұл тәсіл барлық кезеңде байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталы арқылы өтінім беруден бастап конкурс құжаттарын жүктеуге және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік