12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік
Елордадағы Оқушылар сарайында этномәдени бірлестіктердің «Этникалық полифония» атты есептік концерті аясында алғашқы болып Нұр-Сұлтан қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов шараға жиналғандарға игі тілегін білдірді.
«Вайнахтар қазақ жеріне жан-тәнімен сіңісіп кетті және Қазақстанды өздерінің екінші Отаны санайды. Сондықтан олардың атқарып жатқан барлық істері қазақ халқына деген құрметтін белгісі десек, артық айтқанымыз емес. Біздің көптеген жерлестеріміздің, соның ішінде кәсіпкерлер, ғалымдар мен құрылысшылардың Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосып келе жатқандығына өте қуаныштымын», - деді ол.
«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Башир Солсанов этномәдени орталығының дамуына белсенді атсалысқандарға Алғыс хат табыс етті.
Үлкендерге құрмет көрсетуді әсте естен шығармайтын ұжым көрермендер назарына «Нана лаьтта — Мать земля» атты биді ұсынды. Ал келесі бір сәтте өнер ұжымы лезгинканы сәтті орындап шықты.
Одан басқа «Къантий сий», «Рачули» мен «Дади Айбика» атты әсем билерді атап өтуге болады. Кеш соңында «Этот мир придуман не нами» атты ән орыс және қазақ тілдерінде шырқалды.
Мерекелік концертке Англиядан келген қонақтар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер