Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСолтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ресей Федерациясы Түмен облысының Ұлттық-мәдени автономиясы қазақтарымен тығыз ынтымақтастықта. Түмен облысының өкілдері Петропавл қаласына мерекелерді Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекелерін және басқаларды бірге өткізу үшін келеді. Өз кезегінде солтүстікқазақстандықтар әрқашан Түмен облысының дәстүрлі мерекелерінің құрметті қонақтары.
Осылайша, ү.ж. 14 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Түмен облысы Голышманово ауылындағы «Құрылтай-2018» облыстық ұлттық мерекесіне қатысты. Делегация құрамына мәдениет, архивтер және құжаттамалар, дін істері басқармаларының, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, «Тамыр» отандастар клубының, сонымен қатар әртістер, шығармашылық ұжымдар кірді.
Мереке қонақтарын кең көлемді іс-шара күтіп тұрды. Салтанатты ашылу делегациялардың парадынан басталды. Ең жарқын және көпсанды делегация Солтүстік Қазақстан облысынан болды. Парадқа қатысушылар ұлттық костюмде сап түзеді, кейін Достық хороводын жасап, екі көршілес мемлекет — Қазақстан және Ресейдің достығын көрсетті.
Концерттік бағдарлама барысында солтүстікқазақстандық әртістер өздерінің шығармашылық өнерлерін бір сағат бойы көрсетті. Осыдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі ұйымдастырушыларға естелік сыйлықтар сыйлады.
Әсіресе көпшілікке келесі конкурстар ұнады: «Национальный образ», «Национальное подворье», «Длинная коса» және т.б. Осыдан басқа, қазақ ұлттық ойындары: «Қазақша күрес», «Сүйек жару», «Көкпар», ат жарыстары үйымдастырылды.
Мереке соңында салтанатты жабылу барысында ойындар мен конкурс жеңімпаздары марапатталды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова