Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіПремьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды EL.KZ Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
Кеңеске Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруды талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау әдістемесі және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу мәселесі қаралды.
Жиынды қорытындылай келе, Е. Жамаубаев мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау бойынша жұмысты жалғастыруды және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігін егжей-тегжейлі әзірлеуді тапсырды.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік