Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Алматыда биыл екінші мәрте тойланған Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты республикалық акция өтті.
Мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны көпшілікке тарату арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру.
Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Шоқан Тәжімұратов бастаған бір топ Асамблея мүшелері, «Ынтымақ» депутаттық тобы мен Аналар кеңесі қалалық №1 №2 №3 және №5 перзентханаға барып, жаңа туған жас сәбилерге 11 домбыраны тарту етті. Мерекеге орай домбыраның сүйемелдеуімен аналарға арнап «Жан анам», «Анашым» әндері мен «Әрқашан күн сөнбесін» шырқалып, ізгі тілек айтылып, гүл шоқтары табыс етілді.
Құттықтаушылар арасында Алматы қалалық түрік, орыс, ингуш, осетин, ұйғыр, ауған, бурят, әзірбайжан, дүнген этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен Алматы қалалық ҚХА жанындағы «Ынтымақ» депутаттық тобының мүшелері болды.
Домбыраны сыйға алған сәбилердің аналарының арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың немересі де бар екен. Ұлы ақынның Алмагүл атты қызынан туған жиен немересі тұңғышын осы айтуыл мереке күні босаныпты. Құттықтауышларды да бос қайтармай, атасының кітаптарын сыйлап, ризашылығын білдірді. Одан бөлек аналар арасында кәріс, орыс, ұйғыр ұлт өкілдері де болды. Тосынсыз келген қонақтарға аналар да шын қуаныштарын білдіріп, міндетті түрде сыйға алған ұлттық аспапты балалрына үйрететіндерін жеткізді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік