Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҰлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде мефедрон мен экстази сатып келген астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz
26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті А. есімді елорда тұрғынын ұстады.
«Процессуалдық шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылады) тәркіленді. Тергеу оның есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, интернет арқылы тұрақты түрде сатып келгенін анықтады», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмысты жалғастырады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді