13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 1200-ге жуық қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Олардың ішінде президенттік стипендияның 50 иегері Шырмауық лигасына кіретін әлемдегі ең беделді университеттерде оқиды. Олар: Гарвард, Колумбия, Йель, Принстон, Браун, Дартмут, Корнелль университеттері және Пенсильвания университеті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Шырмауық лигасында оқудың артықшылығы - көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары мен басқа да беделді марапаттардың иегерлерінен тәлім алып, үйренуге мүмкіндігіміз бар. Мен университетте жасанды интеллектті, Заттар интернетін (ІоТ) оқимын, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға стратегияны қалай құру керек екенін түсіну үшін бизнес мектептен сабақ алдым. Қазақстандық телеком-нарық үлкен трансформация алдында тұр және әлеуетті инвесторлар үшін тартымды. Оқуды аяқтағаннан кейін осы бағытта қызмет жасап, Қазақстандағы ІТ және коммуникацияларды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді», - деді «Болашақ» стипендиясының иегері Әйгерім Қыдырғалиева.
Әйгерім «Болашақ» бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің магистратурасында оқиды. Мұнда ол электроника мен телекоммуникациялық жүйелерді үйренеді.
Стипендияның 29 жылдық тарихында «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектер саны 11 700-ден асты. Олар әлемнің 200-ден астам жетекші университетінде білім алды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды