Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
«Қазақстанның орыс қауымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалы орталықтың қарттарын мерекемен құттықтады.
«Біз қымбатты ардагерлерімізді Қарттар күнімен құттықтаймыз! Бір ай бойы сіздерді құттықтап келеміз, өйткені сіздер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қостыңыздар. Сіздер мемлекет игілігі үшін қызмет етіп, Отанға, өз халқына және жас ұрпаққа деген сүйіспеншілікті дарыта отырып, мәдениет пен дәстүрді сақтай алдыңыздар», - деп залда жиналғандарды «Қазақстанның орыс қауымы» облыстық филиалының төрағасы Николай Авдеев құттықтады.
Концерттік бағдарлама шеңберінде аға буын өкілдеріне арналған ең сүйікті және қымбатты әндер шырқалды. 81 жастағы Геннадий Иванович Вебер өзінің дәстүрлі «Чечетка» биін әсерлі орындап, қатысушыларды шеберлігімен және сарқылмас өмірлік қуатымен таң қалдырды. Сондай-ақ, концертте «Алтын жас» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдері «Непьющий воробей» театрлық миниатюрасын ойнап шықты. 200-ден астам көрермен қауым әртістерді ду қол шапалақпен қарсы алып, қошамет көрсетті.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды