Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу циклі аясында Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің Сервистік-техникалық колледжінде «Жастардың алтын бесігі» атты кездесуін өткізді.
Ауыл жастары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын, «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ержан Жұмабековпен, Солтүстік Қазақстан облысынан келген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушы, жас кәсіпкер Сәлімхан Сабитовпен, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы Бикен Римова атындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Асаболиновамен кездесті.
Жастармен кездесу барысында С. Сабитов мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Тең жол» автомектептің бизнес-жобасы туралы кеңінен тарқатып берді. Кездесу барысында көптеген студенттерге тың идеялар келіп, жеке ісімен шұғылдануға ниет білдіріп тарасты.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, осындай іс-шараларды ауылдық жерлерде өткізу қазақстандықтардың жетістігінің нақты оқиғалары негізінде ілгерілетуге, жас ұрпақты жалпыұлттық бірлік пен патриотизм сезімін одан әрі нығайтуға, өскелең ұрпақтың санасында әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға тартуға бағытталған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды