22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздегі ұлтаралық келісім мен бауырластықтың бірегей институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл өзінің 20 жылдығын тойлайды. Бұл атаулы мерейтойдың құрметіне Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiн тағайындау туралы қаулыны бекіткен болатын. Ондағы мақсат ел ішіндегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу.
Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталатын болады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттау Қағидаларына сәйкес, мерекелік медальмен марапаттау үшін ұсынылатын азаматтардың тізімін Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкiметi, министрлiктерi және өзге де орталық мемлекеттік органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгiзеді.
«Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi табыстайтын болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi, Мемлекет басшысы уәкiлеттiк берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi және марапатталушының жеке өзіне тапсырылады», - делінген Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында.
Аталмыш дереккөздің хабарлауынша, табыс етiлмеген медальдар мен олардың куәлiктерi, қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тiзiмдерге тиiстi белгi қойылады. Жүргiзiлген марапаттаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есепті Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргiзедi.
Айнагүл Сейітқазы
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев