Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіӨткен демалыс күндері елордалық мешітте мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтті.
ҚХА «Қамқор» акциясы шеңберінде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы «Ырыскелді қажы» мешіті және қалалық Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Рамазан айында «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Яхия қажы Исмаилов көпбалалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар, мүгедек және т.б. әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірді.
Ұйымдастырушылар осындай қайырымдылық акциялары Рамазан айы бойы жалғасатынын айтып, аталған іс-шараға қайырымды да жомарт жандарды атсалысуға шақырды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік