23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Air Astana» әуе компаниясына биыл жетінші рет айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 16 шілдеде «Air Astana» әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмаған. Атап айтқанда қонақүйде тұру. Осы орайда рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін биыл 6 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, аталған әуе компаниясы биыл осымен жетінші рет айыппұл арқалап отыр.
«Биыл шілде айынан бастап «Air Astana» әуе компаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы) қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) көлемінде жеті рет айыппұл салынды», - деп хабарлайды ведомстводан.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл шілдеден бері жалпы қазақстандық әуе компанияларға 8 000 АЕК (24 504 000 теңге) көлемінде 8 рет айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды.
«Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқығын сақтау бөлігіндегі талаптарды ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан құқық бұзушылық фактілері қайталап анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданатын болады», - дейді комитеттен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік