Жаңалықтар

Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтуде

Жеңімпаздар арнайы медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады
Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтуде
Фото: olympic.kz 17.12.2022 15:00 1133

Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Әмин Тұяковтың жүлделеріне арналған І Халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Әмин Елемесұлы Тұяқов – КСРО чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО рекордсмені, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Халықаралық турнир – қатысушылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жарыс барлық халықаралық ереже мен стандартқа сәйкес өткізіледі.  Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Гонконг мемлекетінен 119 спортшы қатысады. Олар жеңіл атлетиканың 15 түрінен өзара сынға түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға