Жаңалықтар

Американы мұсылмандар ашты

Мұсылмандар Америкаға төрт түрлі жолмен жетті: алғашқыда – зерттеушілер ретінде, кейін – испан инквизициясынан сақтану мақсатында, Африканы отарлау кезінде, 14 ғасырдың 70 жылдарындағы иммиграция кезінде.
04.08.2014 05:06 4957

Мұсылмандар Америкаға төрт түрлі жолмен жетті: алғашқыда – зерттеушілер ретінде, кейін – испан инквизициясынан сақтану мақсатында, Африканы отарлау кезінде, 14 ғасырдың 70 жылдарындағы иммиграция кезінде. Осының барлығы тарихи құжаттармен дәлелденген. Анық белгілі болғандай, Колумбқа дейін 180 жыл бұрын Американы мұсылман зерттеушілері ашқан болатын.

Американы мұсылмандар ашты

1312 жылы Американы зерттеу үшін африка мұсылмандары Мексика шығанағының жағалауына келіп жетті. Бұл мұсылмандар Мали және тағыда басқа Батыс Африканың елдерінен болды.

1492 жылы Жаңа Әлемге жеткен  Христофор Колумбқа 13 ғасырда өмір сүрген араб ғалымы әл Идрисидің георгафиялық ашылулары үлкен әсер етті. Әл Идриси Сицилия патшасы Роджердің кеңесшісі болған. Жаңа құрлықты ашқан 8 мұсылман зерттеушісі жайлы әл Идриси жазған еңбектің көшірмесі Колумбта болды. Колумбтың командасында бірнеше мұсылмандар бар еді, олар басқа жұмыстарды жасаумен қатар аудармашы қызыметін де атқарды.

Колумбтың бірінші саяхаты кезінде оныңа жанында екі мұсылман капитаны болды. Оның біріншісінің есімі - Мартин Алонсо Пинзон, екіншісі, оның інісі - Висент Янекс Пинзон. Олар бай еді, Колумб кемесін жабдықтауға және «Санта Мария» кемесінің флагманын жөндеуге жәрдемдесті. Пинзон отбасы Маринидтер әулетінен шыққан Марокко сұлтаны Әбузайн Мұхаммед ІІІ-мен тығыз байланыста болған еді.

1492 жылдың 21 қазанында Колумб өз жазбаларында жазып қалдырғандай, оның кемесі Гибар қасынан өткенде, Кубаның солтүстік шығысындағы таудың үстінде зәулім мешіт көргенін айтты. Құран аяттары жазылған мұнаралар мен мешіт қирандылары Кубада, Мексикада, Техас және Невада штаттарында табылды.

«Америка туралы дастан» кітабында Барри Фелл жазғандай, Пиманың оңтүстік-батысындағы адамдарда араб сөздері кездесетін сөздік болды. Және де Докотор Фелл мәлімдегендей, Калифорнияда бір жартаста араб тілінде «Иса бин Мәриям» (Мәриямұлы Иса) деген жазу бар. Сонымен қатар Невада, Колорадо және Нью Мексико штаттарында доктор Фелл көптеген медреселердің қирандыларын тапты.

Әйгілі американ ғалымы, Орталық Азия бойынша маман Фредерик Старрдың айтуы бойынша, америка құрлығының бар екенін теориялық жағынан бірінші болып делелдеген ортаазиялық ғалып Әбу Райхан Әл Бируни. Фредерик Старрдың осы тақырыпқа арналған мақаласы өткен жылдың соңында екі беделді басылым – британдық History және француздық Courrier International журналдарында жарыққа шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға