Жаңалықтар

Альцгеймер ауруы жұқпалы болуы мүмкін

Альцгеймер ауруы
10.02.2016 06:46 17347

30 науқастың ми талшықтарына жасалған сараптама Альцгеймер ауруының жұқпалы болуы мүмкін екенін растап отыр.

Альцгеймер ауруы жұқпалы болуы мүмкін

Мұндай жаңалық Swiss Medical Weekly журналына шыққан зерттеу материалда айтылды. Зерттеушілер сирек кездесетін Крейтцфельдт-Якоб сырқатының  кесірінен көз жұмған жеті науқастың ми қатпарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Он жыл бұрын науқастардың миының айналасын қорғап тұратын қалың мембранасын қоршаған қатты қабықшасын ауыстыру арқылы ота жасалған. Медицина мамандары мәйіттің басындағы осы бөлшекті басы жарақаттанған ауыр науқастарды емдеу мақсатында пайдаланады. Мамандар Крейтцфельдт-Якоб ауруының дамуының негізгі  себебі – трансплантатция барысында приондардың тасымалдануы деп болжайды.

Альцгеймер ауруы жұқпалы болуы мүмкін

Бес зерттеу нысаны жүргізген зерттеулер ми функциясын баяулататын бета амилоидтың ұлғаюы Альцгеймер ауруына шалдықтыратынын анықтады. Зерттеу нәтижесі барлық науқастардың 28 бен 63 жас аралығында қайтыс болғанын көрсетіп отыр.

Зерттеушілер Альцгеймер сырқатынан көз жұмғандардың миы мен Крейтцфельдта-Якоб ауруынан ажал құшқандардың миын салыстыру барысында бұлардың ми қатапарында бета-амилоидтардың өсімі жоқ екенін анықтаған. Яғни, бета-амилоидтар Альцгеймер сырқатына душар болғандардың миына трансплантатция кезінде енген.

Альцгеймер ауруы жұқпалы болуы мүмкін

Зерттеушілер приондар мен бета амилоидтардың болмысы жалпы жұқпалы емес екендігін айтады. Алайда сараптама нәтижесі Альцгеймер ауруын трансплантат арқылы жұқтыру қаупі бар екенін растаған. Зерттеушілер аталмыш жаңалық денсаулық сақтау саласы үшін Альцгеймер ауруының себеп-салдарын тереңірек түсінуге әрі емдеу әдісін неғұрлым тиімді тағайындауға пайдасын тигізеді дегенге сенеді.

Альцгеймер ауруы – деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі.

Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

Альцгеймер ауруы жұқпалы болуы мүмкін 

Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.

Бұл ақпараттар басымызда сақталып қала береді. Осылайша бастағы «сандықша» біртіндеп тола бастайды да, елу жыл шамасында адам есінде артық ақпарат сақтау қиынға түседі. Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда болады екен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған ақпараттар адам жадынан өше бастайды. Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған ақпаратын қайта есіне түсіре алмай әлек болып жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды). Алжудың қартаюмен тығыз байланысты болатыны сондықтан. Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені «сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді. Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты шатастырып алады.


Аударған Тұмар АСЫЛ

popmech.ru сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға