Жаңалықтар

Алматының таулы аймақтарында үсік жүреді

Алматының таулы аймақтарында үсік жүреді
Фото: Pixabay.com 31.03.2023 16:52 760

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы тауларында қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 17-22, кей жерлерде 30 метр және одан да көп болуы мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус суық болады.

Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына таулы аймақтарда серуендеуден бас тарту керектігін ескертеді.

Сонымен қатар, тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 15 60, - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға