Жаңалықтар

Алматының метросында қосымша жылжымалы құрам іске қосылады

2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілді
Алматының метросында қосымша жылжымалы құрам іске қосылады
Фото: "Алматы метрополитені" МКК баспасөз қызметі 11.02.2023 12:32 798

13 ақпаннан бастап метро желісінде қосымша 10 құрам қызмет көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.

2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілді. Солай, жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.

Бұған дейін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.

Бас жоспарға сәйкес 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға