© El.kz

Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді

03.02.2024 21:00

Сейсмологтар Алматыдан бірнеше шақырым жерде тағы да жер сілкінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 19:44-те тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. MPV магнитудасы - 5.3, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз: