Алматы тауларында құтқарушылар «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Пионер» шыңынан түсу кезінде туристік топ мүшелерінің бірі аяғынан жарақат алып, өз бетінше қозғала алмады. Топ жетекшісі оқиға туралы хабар бергеннен кейін оқиға орнына «Тұйық-Су» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы жіберілді.
Зардап шеккен әйелдің жағдайы тұрақты болғанымен, оң аяғында қатты ауырсыну сезімі бар екенін айтты. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тау бөктеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырды.
Зардап шеккен әйел 1990 жылы туған Израиль азаматы болып шықты. Медицина қызметкерлері оған өкше сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Алматыдағы «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйел эвакуацияланды
Оқи отырыңыз
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр