Алматыдағы өрт: қайтыс болғандардың барлығының жеке басы анықталды
30.11.2023 12:06
Фото:
Әлеуметтік желі
2023 жылғы 30 қарашада Алматыдағы хостелдердің бірінде өрттен 13 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көз жұмған адамдардың жеке бастары анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның дерегінше, қайтыс болған 13 адамның:
Төртеуі – шетелдік (екі Ресей және екі Өзбекстан азаматы), тоғызы – қазақстандық.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген Алматы қалалық ПД таратқан мәліметте.
Айта кетейік, Алматыдағы хостелде өрт шығып, салдарынан 13 адам иіс тиіп көз жұмды. Бұған дейін он адамның жеке басы анықталғанын жазғанбыз. Оқиғадан соң қала әкімі жағдайды өзі барып көрді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

