Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлады Еl.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес Шұғыла шағынауданындағы Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайында заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтерілген болатын.
Нәтижесінде қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, Алматы соты аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі 1 шілдеде күшіне енді.
Айта кетері, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған еді. Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй сүріледі
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары