Жаңалықтар

Алматыда Атакент маңындағы көшені су басты

Жергілікті тұрғындарды уақытша ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су таситын көліктер жұмыс істеді.
Алматыда Атакент маңындағы көшені су басты
Фото: inform.kz 27.07.2022 05:18 2122

"Алматы су" МКК апаттық жағдайдағы бригадасы Бостандық ауданындағы магистралдық құбырдың жарылуына байланысты суық судан ажыратылған бірқатар ғимаратқа шұғыл түрде су берілуін қамтамасыз ету үшін қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

– Әуезов және Тимирязев көшелерінің қиылысынан өтетін учаскелердің бірінде сағат 18:30-да штаттан тыс жағдай орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқыс жағдайға өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап пайдаланылып келе жатқан диаметрі 500 мм құбырдың әбден тозуы себеп. Әуезов-Тимирязев-Ғабдуллин көшелерінің контурында түн ортасына қарай су беріліп қалады деп күтіледі, – деді "Алматы су" МКК баспасөз қызметі

Жергілікті тұрғындарды уақытша ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су таситын көліктер жұмыс істеді.

Апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстарының процесі кәсіпорын мен қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшылығы бақылауына алынды.

– Тұрғындардан еріксіз орын алған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға