Жаңалықтар

Алматыда құрылыс алаңында төтенше оқиға болып, бір жұмысшы көз жұмды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17:42 шамасында болған.
Алматыда құрылыс алаңында төтенше оқиға болып, бір жұмысшы көз жұмды
Фото: ttelegraf.ru 26.07.2022 23:18 1261

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17:42 шамасында болған. 

– Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады полициядан.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға