Жаңалықтар

Алматыда жүк көлігі төрт көлікпен соқтығысты

Алматыда жүк көлігі төрт көлікпен соқтығысты
Фото: Видеодан кадр 21.08.2023 21:10 663

Алматыда жүк көлігі төрт көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласы Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Бұл деректі Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері тіркеп, өндіріске енгізді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алдын ала болжам бойынша, ЖКО көліктің техникалық ақаулығынан орын алған. Жеке тасымалдау қызметін көрсететін жүк көлігінің жүргізушісі К.есімді азаматтың айтуынша, жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан.

Медициналық көмекке алты адам жүгінген, оның ішінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі де бар.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға