Жаңалықтар

Алматыда жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылды

Алматыда жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылды
Фото: ©El.kz/Нүркен Алишев 24.07.2023 00:13 593

Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сенбіде, 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында орын алған.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға эвакуатор тас жолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.

Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді, Талғар облысының құтқарушыларына үлкен рақмет, - делінген жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға