Жаңалықтар

Алматыда үш науқас АИТВ жұқтырған аурухананың бас дәрігері жұмысынан кетті

Алматыда үш науқас АИТВ жұқтырған аурухананың бас дәрігері жұмысынан кетті
Фото: gov.kz 28.07.2023 17:08 741

Алматыда науқастары АИТВ жұқтырған аурухананың бас дәрігері жұмысынан кетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтің айтуынша, Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталып, жүйелі бұзушылықтар болмаған.

Оқи отырыңыз:

Дегенмен мұндай жағдайға адам факторы, атап айтқанда, мейірбике персоналының жеке қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуы себеп.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, комиссия қорытындылары негізінде басқарма шешім қабылдады: ҚР Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Табынбаев жұмыстан шеттетілді, - деді ол.

Сонымен қатар АИТВ жұқтырған науқастарға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға