Жаңалықтар

Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды

Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды
Фото: ҚР СІМ 23.04.2023 16:52 1291

Словакия Парламенті Спикерінің қатысуымен Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап

Бүгін Халық Радасының спикері Борис Коллар бастаған Словакияның өкілді парламенттік делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды.

Ресми шарада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг қатысты.  

Салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Б.Коллар Қазақстанның ірі қаржы, ғылыми-білім беру және туристік орталығы – Алматы қаласында словак құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті. Парламент Төрағасы сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымының 166 миллион еуроға дейін өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Р. Василенко Құрметті консулдықтың қызметі мәдениет, ғылым, білім, экономика және сауда сияқты салаларда Қазақстан-Словакия ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Бүгінде Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 30-ға жуық компания табысты жұмыс істеп жатқаны ерекше атап өтілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға