Жаңалықтар

Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты

Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты
Фото: ТЖД 25.08.2023 10:03 768

25 тамыз түнгі сағат 01:36 шамасында Жетісу ауданы Сүйінбай даңығылы 55 мекенжайында қойма өртенгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Келген кезде аумағы 295 шаршы метр ангар типті қойма ашық жалынмен жанып жатты.

Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды,- деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өртті жоюға өрттің бүкіл периметрі бойынша оқпандардың біркелкі берілуі ықпал етті.

Өрт түнгі сағат 02:21 минутта оқшауланып, 04:40 минутта толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға