Жаңалықтар

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңға жуық дерегі тіркелді

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңға жуық дерегі тіркелді
Фото: gov.kz 07.09.2023 03:32 547

Алматы полициясы “Учаске” іс-шарасы басталғаннан бері көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңға жуық дерегін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын хабарланғандай, бұл іс-шараның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

Қаладағы “Учаске” іс-шарасының 23 күнінің ішінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 2 951 дерегі анықталды. Оның 1011-ін шетел азаматтары жасаған. Қабылдап-таратуға 441 шетелдік орналастырылды. Қазақстаннан 64 шетел азаматы шығарылды. Сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, шетелдіктерді қабылдаған 431 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Өткен тәулікте Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері заңсыз жүргендердің тағы бір легін анықтады. Құрылыс алаңында Тәжікстанның 14 азаматы заңсыз жұмыс істеген, оның үстіне оларда жеке басын куәландыратын құжаттары да болмаған. Құқық бұзушылар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға