Жаңалықтар

Алматыда ер адам полицияның қызметтік көлігінде өзіне қол салды

Алматыда ер адам полицияның қызметтік көлігінде өзіне қол салды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.06.2023 10:00 1100

Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Toyota» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға