Жаңалықтар

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті

Алматылықтар 60 шақырым жүгірді
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті
Фото: 24.kz 18.12.2022 17:45 1894

Тәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды. 

Бұл марафонның мақсаты жастарды спортқа баулу салауатты өмір салтын ұстану, және де  жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан іс-шара, - марафоншы Қайрат Айдарбекұлы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға