Жаңалықтар

Алматыда бала күтуші 2 жасар сәбиді өлтіріп қойды

Алматыда бала күтуші 2 жасар сәбиді өлтіріп қойды
Фото: Polisia.kz 06.04.2023 14:35 1580

Алматы облысының тұрғыны күтушіні екі жасар баласын өлтірді деп айыптады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Жаңалық ауылында болған. 2023 жылдың 25 наурызында анасы екі баласын күтушіге қалдырып кетеді.

Сол күні екі жасар бала қайтыс болған. Күтуші баланы үш жасар әпкесі тұншықтырып өлтірді деп мәлімдеді, - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, күтуші балаға 5-6 ай уақыт бойы қараған. 

Бұл факт "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау"ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. ​2023 жылғы 26 наурызда қылмыстық құқық бұзушылықты "кісі өлтіру" ҚК - нің 99-бабының 3-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға