Жаңалықтар

Алматыда алғаш рет дәрігерлердің еңбегіне арналған көркем көрме өтеді

Алматыда алғаш рет дәрігерлердің еңбегіне арналған көркем көрме өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.07.2023 22:34 859

2023 жылғы 21 шілдеде сағат 16:00-де Алматыда А.Қастеев атындағы мұражайда дәрігерлер мен өнер қайраткерлерін біріктіруге арналған алғашқы көркем көрме өтеді. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Адамдарға риясыз және жанқиярлықпен қызмет етемін» көрмесі дәрігерлерге, мейіргерлерге, олардың күнделікті өмірдегі қиын жұмыстарына, әсіресе пандемияға арналған және 2023 жылы медицина қызметкері күнін мерекелеуге және ҚР Суретшілер Одағының 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылған.

Көрмені ұйымдастыру идеясының бастамашылары: ҚР ҰҒА академигі, проф. В.Локшин және суретшілер бірлестігінің төрағасы Л.Дроздова.

Ашылу салтанатының бағдарламасында Ә.Қастеев атындағы мұражайдың директоры Ғ.Жұмабекованың, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпованың, ғылыми жетекші Е.Резникованың сөз сөйлеуі күтіледі.  Сондай-ақ, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков, РМҚҚ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Вячеслав Нотанович Локшин, ҚР СХ басқарма төрағасы Ө. Жұбаниязов, көрмені ұйымдастырушы, «Яблоневая Палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының басшысы, ҚР СБ басқарма мүшесі Лидия Дмитриевна Дроздова және куратор Марлан Кеңесұлы Нысанбаев құттықтау сөз сөйлейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға