Жаңалықтар

Алматыда әкімдік қызметкері мерекелік іс-шарадан кейін қайтыс болды

Алматыда әкімдік қызметкері мерекелік іс-шарадан кейін қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 01.07.2023 12:15 952

Алматы облысының тұрғыны дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 30 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті. Ауқымды іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есін жимастан қайтыс болды. Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін мәлімдеді. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау. Осы жайт оның денсаулығының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі, – деп хабарады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға