Жаңалықтар

Алматыда 356 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі мәлім етті
Алматыда 356 орындық жатақхана пайдалануға берілді
Фото: almaty.tv 02.11.2022 18:41 1652

ҚазҰУ-да 356 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 356 орындық №5 жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, журналистика факультетінің студенттеріне салтанатты түрде қайта берілді. Бес қабатты жаңарған ғимараттың ашылуына жоо басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ҚазҰУ түлектері, оқытушы-профессорлар құрамы мен журналистика факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады.

«№5 жатақхананың қолына қалам ұстаған қауым үшін өзіндік терең тарихы бар. ҚазҰУ-да оқыған есімі елге танымал журналистер осы студенттер үйінде тұрды. Бүгін сол дәстүр жалғасын тауып, журналистика факультетінде оқып жатқан білім алушы жастарға қолданысқа берілді. Алдағы уақытта жоо құрылысының екінші кезеңінде қалашықта жаңа жатақханалар бой көтеретін болады», – деді ректор.

Одан соң университет басшысы журналистерге жатақхананың жөндеу жұмыстарының барысы жайлы әңгімеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға