Almaty SuperSki жобасының белсенді кезеңі салалық халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып, күрделі инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізуді көздейді.
«Kazakh Tourism Development Ltd.» бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski жобасының құрылыстың белсенді кезеңіне өтуі және өндірісті локализациялау жөніндегі талаптар туралы айтты.
Оның айтуынша, француздық POMA компаниясы 11 аспалы жолдың іргетасын қалау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады.
Almaty Superski жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Францияның POMA компаниясы 11 аспалы жолдың құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарды бастамастан бұрын біз ғылыми институттармен терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарға барлық қажет болған құжаттарды қолға алып, жұмысқа кірістік. POMA компаниясы жұмысын бастады. Ең біріншісі, ол консорциумның лидері ретінде тағайындалған. Сонымен бірге Қазақстанның нарығында жергілікті құрылыс компанияны консорциум құрамына алып, жұмыстарды жүргізуде. POMA-ға қойылған және басқа шетелден келген өндірушілерге қойылған біздің талабымыз – ол өндіру бағытында сол жұмыстардың бір бөлігін Қазақстанда шығару. POMA компаниясының бізге жариялағаны: ол темірден жасалған статикалық конструкциялардың 30%-ын Қазақстанда шығарады, – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.
Айта кетейік, Foster+Partners бюросы әзірлеген архитектуралық тұжырымдаманы жүзеге асыруға тарту үшін индустриядағы әлемдік көшбасшы саналатын келесідей компаниялар таңдалып алынды. Швейцариялық Blumer-Lehmann компаниясы жобаның Базалық және Жоғарғы стансалары ғимараттарының ағаш тірек конструкцияларын жобалауды, дайындауды, жеткізуді, монтаждауды техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Даниялық Bjarke Ingels Group компаниясы 24 халықаралық компанияның арасында өткен байқау қорытындысы бойынша таудағы ауыл тұжырымдамасын әзірлеумен айналысатын болды. Бюроның ұсыныстарының ішіндегі басты артықшылықтарының бірі – Almaty SuperSki жобасы бойынша жұмысқа тау шаңғысы мастер-жоспарлары мен курорттардың үздік жобалаушыларының бірі саналатын, 46 елде 1 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған және туристік инфрақұрылымды тау шаңғысы кешендеріне кедергісіз логистика мен ski-in/ski-out тұжырымдамасын құра отырып интеграциялау тәжірибесі бар канадалық Ecosign компаниясын қосу.
Сондай-ақ Bjarke Ingels Group британдық сәулетшілер компаниясымен тығыз жұмыс жүргізілуде, олардың портфолиосында Финляндиядағы курорттық ауыл, Швейцария тауларындағы кешен, Даниядағы төбесінде шаңғы трассасы бар ғимарат сияқты бірегей жобалар бар.