Жаңалықтар

Алматы прокурорлары бірнеше заңсыздықты анықтады

Алматы прокурорлары бірнеше заңсыздықты анықтады
Фото: El.kz 22.05.2023 14:12 583

Алматының тау бөктеріндегі құрылыстарда, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, Наурызбай ауданының Жайлау шағын ауданында аумағы 13 гектар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылған. Онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған.

Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 фактісі, сондай-ақ мақсатында пайдаланылмайтын 15 учаске анықталыпты. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.

Су қорғау аумақтарында барлығы 118 бұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы, су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену – 15. Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ  Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді.

Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді.

Сонымен бірге органдармен құрылысқа рұқсат берілген біршама нысандар бар, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз жүзеге асқан. 

Басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Алатау аударында бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға