Абай облыстық ТЖД

Алматы-Өскемен трассасында жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шекті

05.03.2024 21:00

Абай облысында жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шекті. Оқиға 5 наурызға қараған түні Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолының 888-ші шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты болған орынға «Жарма» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жеткен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, дәрігерлер 1989 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Ал екінші адамға медициналық көмек қажет болмаған.

Оқи отырыңыз: