Жаңалықтар

Алматы облысында табылған қар барысының жағдайы түзеліп келеді

Алматы облысында табылған қар барысының жағдайы түзеліп келеді
Фото: instagram.com/almatyzoo 06.05.2023 07:40 1230

20 сәуір күні Алматы зообағына Алматы облысы Сарыбастау ауылынан 2,5-3 жастағы қар барысы жеткізілген еді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зообақ ұжымының мәліметінше, жыртқыш жануар әбден әлсіреген, алдыңғы сол аяғының табаны мен артқы аяқтарының табанында кесілген жарақат бар. Ветеринар дәрігерлер бақылау жүргізіп, жарақаттан аяқтары дірілдейтінін анықтаған.

Мамандар иммунитет көтеретін дәрілер салып, жарасын таңған соң, барыс арнайы жеке вольерде карантинге орналастырылды. Жануар күшті стресс алған, біз оны барынша мазаламауға тырысамыз. Тәбеті жақсы, күніне 2,5 кг ет жейді сиыр, тауық, қоян еті. Қазіргі уақытта жағдайы түзеліп келеді. Жануардың денсаулық жағдайын толық анықтау үшін сынама тапсырылды және рентгенге түсірілді, нәтижесін күтіп отырмыз, - деп хабарлады Алматы зообағы ұжымы.

Еске салайық, Алматы облысында ер адам мал бағып жүріп жол-жөнекей әлсіреген қар барысын кездестірген. Дереу құзырлы органдарға хабарлау нәтижесінде жануар қамқорлыққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға