Жаңалықтар

Алматы облысында бойжеткен жардан құлап кетті

24.05.2025 20:36 1172
Алматы облысында бойжеткен жардан құлап кетті

ТЖМ қызметкерлері квадроциклмен жардан құлаған қызды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматы облысы Талғар ауданы, Рысқұлов ауылындағы ат клубы маңында квадроцикл тізгіндеген 1998 жылғы бойжеткен жардан құлады.

Оқиға орнына дейін шамамен 8 шақырымдық қашықтықты өткерген ТЖМ құтқарушылары зардап шеккенді жардан көтеріп, медициналық қызметкерлерге табыстады, - делінген мәліметте.

ТЖМ тұрғындарды демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға